Accessibility links

Жақсыбеков "ЭКСПО-2017" басшысы болып тағайындалды


Әділбек Жақсыбековтің (сол жақта) Астана әкімі болып тағайындалған сәті. Көрнекі сурет. 22 қазан 2014 жыл
Әділбек Жақсыбековтің (сол жақта) Астана әкімі болып тағайындалған сәті. Көрнекі сурет. 22 қазан 2014 жыл

"Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен қызметінен босатылды. Ақорданың ресми вебсайты бұл қызметке Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің тағайындалғанын хабарлады.

Ермегияев бұл қызметке 2013 жылы бекітілген еді. Ал Әділбек Жақсыбеков былтырғы қазан айында ғана Астана қаласының әкімі болып тағайындалған. Ақорданың хабарламасында Жақсыбековке "Астана ЭКСПО - 2017" компаниясындағы басшылық қызметтің әкімдікке қосымша жүктелгені туралы анық көрсетілмеген.

2012 жылы Астана қаласы орталығы Парижде орналасқан Халықаралық көрмелер бюросының 2017 жылғы көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алған еді. Астана маңындағы 25 гектар аумаққа салынып жатқан павильондарда өтетін көрме "Болашақтың қуат көзі" деп аталады. Шет елдерден бірнеше миллион адам келіп көреді деп жоспарланған көрмені ұйымдастырумен "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясы айналысады.

XS
SM
MD
LG