Accessibility links

Иракта Cаддам Хусейн серігінің мәйіті жоғалды


Ирак премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Тарик Азиз.
Ирак премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Тарик Азиз.

Иракта Саддам Хусейннің бұрынғы көмекшісі, өткен аптада түрмеде қайтыс болған Тарик Азиздің мәйітіі жоғалып кетті.

Иракқа жұбайының денесін Иорданияға жерлеу үшін алып кетуге барған марқұмның әйелі мәйіт салынған табыт Бағдадтың халықаралық әуежайында жоғалып кеткенін хабарлады. Royal Jordanian әуе компаниясының өкілі Бағдадтан келген соңғы ұшақта мәйіт болмағанын растады. Ирак билігі әзірге бұл хабарға байланысты түсінік бермеді.

Ирак премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Тарик Азиз өткен аптада Насирия қаласындағы түрмеде қайтыс болған. Ол түрмеде өзіне кесілген өлім жазасын күтіп жатқан. Сарапшылар оның жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтады.

Тарик Азиз Саддам Хусейн үкіметіндегі христиандардың шені ең жоғары өкілі болған әрі "Баас" партиясын халықаралық деңгейде танытқан.

2010 жылдың қазан айында ол шииттік партия мүшелерін қуғындағаны үшін өлім жазасына кесілген еді. Шиитік партия қазір Ирак үкіметінде басымдыққа ие.

XS
SM
MD
LG