Accessibility links

Пан Ги Мун Ошта еске алу шараларына қатысты


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен Ошта этникалық қақтығыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып тұр. Қырғызстан, 11 маусым 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мен Ошта этникалық қақтығыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып тұр. Қырғызстан, 11 маусым 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариевпен бірге Оштағы этникалық қақтығыстарға бес жыл толуына арналған еске алу шараларына қатысты. Пан Ги Мун мен Темір Сариев Ошта қаза тапқандарға орнатылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасынан соң қырғыз премьері 2010 жылы маусымда 400-ден астам адам құрбан болған қырғыздар мен этникалық өзбектер арасындағы қақтығысты "Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан бергі ең қайғылы оқиға" деп атады. Пан Ги Мун Қырғызстан азаматтарын елдегі бейбітшілік пен этникааралық үйлесімділікті қорғауға шақырды.

11 маусымда Пан Ги Мун Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездескен.

Ош пен Жалалабад облыстарындағы этникалық ақтығыстар президент Құрманбек Бакиев билігі құлатылғаннан екі айдан кейін болған.

XS
SM
MD
LG