Accessibility links

Жүздеген қазақстандық қан тапсыру акциясына қатысты


Қан тапсырып жатқан донорлар. (Көрнекі сурет).
Қан тапсырып жатқан донорлар. (Көрнекі сурет).

1 мың 600-ден астам қазақстандық Қазақстан қан орталығы мен Қызыл Жарты Ай қоғамы бірлесіп өткізген донор болуға шақыратын акцияға қатысты.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, акция ерікті қан тапсыруды қолдау және қанға мұқтаждарға көмектесу үшін өткізілген. Қазақстан бойынша 13 мамырда басталып, 14 мусымда аяқталатын акцияда донорлардан 860 литрден астам қан жиналған.

Шара аясында Hot Blood Challenge акциясы өтіп жатыр. Оның ережесі бойынша, қан тапсырған әр адам өзінің серігі, әріптесі немесе таныстарына "қан тапсыру эстафетасын" беріп кетеді. "Эстафетаны" қабылдаған адам бір күннің ішінде қан тапсырып, онысын видеоға түсіруі тиіс. "Егер қан тапсырудан бас тартса, онда қоғамдық қорға қайырымдылық ретінде 10 АҚШ долларын аударады" делінген министрлік хабарламасында. Министрлік жиналған қаржы онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеуге жұмсалады дейді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы халықтың 1,7 пайызы ғана донор ретінде қан тапсырады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған халықаралық талаптан бір пайызға жуық төмен.

XS
SM
MD
LG