Accessibility links

Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО тізіміне енді


Тянь-Шань тауының Қазақстанға қарасты тұсы. (Көрнекі сурет).

Тянь-Шань тауының Қазақстанға қарасты тұсы. (Көрнекі сурет).

Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне енді. Бұл жайында 8-12 маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында хабарланды.

ЮНЕСКО мәліметінше, бұл жолы дүниежүзілік биосфералық қорықтар тізіміне жаңадан 20 нысан қосылған.

Ақсу-Жабағылы қорығы батыс Тянь-Шань тауында, Қаратау қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан, аумағы 357 мың гектардан асады. Қорық территориясында аймақтағы барлық құстардың 48 пайызы мен омыртқалы жануарлардың 72,5 пайызы мекендейді. ЮНЕСКО "Қорық әлемдегі құстарды бақылауға ең қолайлы жерлердің бірі саналады және экотуризмді дамытуға әлеуеті жеткілікті" дейді.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне өткен жылы Қазақстанның Ақжайық және Қатонқарағай қорықтары да енгізілген.

XS
SM
MD
LG