Accessibility links

Жақсыбеков Астана әкімі болып қала берді


Әділбек Жақсыбековтің (сол жақта) Астана әкімі болып тағайындалған сәті. Көрнекі сурет. 22 қазан 2014 жыл.
Әділбек Жақсыбековтің (сол жақта) Астана әкімі болып тағайындалған сәті. Көрнекі сурет. 22 қазан 2014 жыл.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын басқаруға тағайындалған Әділбек Жақсыбеков Астана қаласы әкімі қызметінде қалды деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Жақсыбековты кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Ермегияевтің орнына "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қылып тағайындаған.

Әділбек Жақсыбеков өткен жылдың қазан айында екінші рет Астана әкімі болып тағайындалған. Оған дейін Жақсыбеков мемлекеттік хатшы болған. Ол алғаш Астана әкімі қызметін 1997-2003 жылдары атқарған.

XS
SM
MD
LG