Accessibility links

Пәкістан Save the Children ұйымын елден шығармақ


Исламабадтағы Save the Children ұйымы кеңсесі алдында тұрған полицей мен журналистер. Пәкістан, 11 маусым 2015 жыл.
Исламабадтағы Save the Children ұйымы кеңсесі алдында тұрған полицей мен журналистер. Пәкістан, 11 маусым 2015 жыл.

Пәкістан билігі Save the Children ұйымын "Пәкістанға қарсы қызметпен айналысты" деп айыптап, елден кетуге өкім етті.

Полиция ұйымның Исламабадтағы кеңсесін қоршауға алып, ұйым мүшелеріне Пәкістаннан кетуге 15 күн мұрсат берді.

Save the Children әзірге ешқандай ескерту алмағанын айтып, жергілікті билік әрекетіне қарсылық танытты.

Пәкістан бұған дейін бұл ұйымды АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) Усама бен Ладеннің ізін аңду үшін қолданған жалған екпе егу бағдарламасымен байланысы бар деген. Бірақ ұйым ЦРУ-мен немесе пәкістандық дәрігер Шакил Афридимен байланысы барын жоққа шығарып келеді.

Пәкістандық балаларға екпе егу науқанын жүргізген Африди бұған дейін пәкістандық тергеушілерге ЦРУ өзін Save The Children ұйымындағы жоғары шенді шенеунік арқылы Усама бен Ладенді ұстауға көмектесуге тартқанын айтқан.

Пәкістан билігі өкілдерінің айтуынша, ұйымның елде уақытша жұмыс істеу мерзімі 15 мамырда аяқталған.

XS
SM
MD
LG