Accessibility links

Конгрестегі демократтар Обаманың жобасын қолдамады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ конгресіндегі демократтар ел президентіне еркін сауда жайлы халықаралық келісімдер жасау үшін ерекше өкілет беретін заң жобасын қолдаудан бас тартты. Заңға қарсылар АҚШ-тың аймақтағы елдермен еркін сауда жасауын көздейтін Транс Тынық Мұхиты әріптестігі келісімін жасауға қарсы. Олар бұл заңнан америкалық жұмысшылар зардап шегеді деп шешкен.

Бұл құжатты қабылдауға шақырған АҚШ президенті Барак Обама ол заң өзі ел басқарған кездегі басты жетістіктерінің бірі болады деп біледі.

Мұндай заң жобасын конгрестің жоғары палатасы - сенат мақұлдаған еді. Палатадағы көпшілік республикашылар да Тынық Мұхиты елдері аумағында еркін сауда аймағын кеңейтуді жақтаған.

XS
SM
MD
LG