Accessibility links

Путин мен Ердоған Бакуде келіссөз өткізді


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 1 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Бакуде кездесіп, екі ел арасындағы энергетика саласындағы әріптестікті, Ресей газын Түркияға жеткізетін құбыр салу жоспарын, Сирияға қатысты жағдайды талқылады. Бұл келіссөзге Ресейдің энергетика және сыртқы істер министрлері, "Газпром" компаниясының басшысы да қатысты.

Кездесуден бұрын журналистермен тілдескен Ердоған мен Путин Әзербайжандағы адам құқығы ахуалын сынаған Батыс елдері басшыларының Бакуде басталған Еуропа ойындарының ашылу салтанатына келмеуіне қатысты пікірлерін де айтты. "Еуропа Одағына (ЕО) кіруге үмітті Түркия Бакуде ЕО елі есебінде болды" деді Путин.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бакуге кеше Еуропа ойындарының ашылу салтанатына келген.

XS
SM
MD
LG