Accessibility links

Киев пен Мәскеу шабуылдарды тексеруді сұрады


Шабуылға ұшыраған Украина консулдығы ғимараты. Ресей, Дондағы Ростов, 12 маусым 2015 жыл.

Шабуылға ұшыраған Украина консулдығы ғимараты. Ресей, Дондағы Ростов, 12 маусым 2015 жыл.

Украина Ресейден Мәскеу мен Дондағы Ростов қалаларындағы дипломатиялық кеңселеріне жасалған шабуылдан келген шығынды өтеуін талап етті. Киев айыптыларды "қатаң жазалауды" сұраған.

Бұдан бір күн бұрын Ресей сыртқы істер министрлігі де Украинаның Харьков қаласындағы Ресей консулдығына жасалған шабуылды тексеруді талап етіп, Киевке нота жолдаған еді.

Бұл үш оқиғада да белгісіз адамдар дипломатиялық миссия ғимаратына жұмыртқа мен бояу лақтырып, консулдықтардың терезесін қиратқан.

Екі ел арасындағы бұл оқиғаға қоса Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің арасындағы атыс та жиілей бастады.

XS
SM
MD
LG