Accessibility links

Елшілікті паналаған журналисті Бакуден Швейцарияға әкетті


Бакудегі Швейцария елшілігі.

Бакудегі Швейцария елшілігі.

Әзербайжанда журналист әрі құқық қорғаушы, биліктің қудалауынан қорқып Швейцария елшілігін паналап отырған Эмин Гусейновты шетелге алып кетті. Швейцария елшілігі дерегінше, Әзербайжан азаматын кеше Бакуге Еуропа ойындарының ашылу салтанатына келген дипломат Дидье Буркхальтер ұшақпен алып шыққан.

Эмин Гусейновты әкету үшін Швейцария өкілдері Әзербайжан билігімен бірнеше ай келіссөз жүргізген. Швейцария 35 жастағы Гусейновке 2015 жылдың қыркүйегіне дейін мұрсат бөліп, саяси баспана сұрар-сұрамасын ойлануға уақыт бермек.

Илхам Әлиевтің авторитарлық билігін сынайтын Гусейнов былтыр тамызда "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және салық төлеуден жалтарды" деген айыпқа ілігіп, Швейцария елшілігіне барып паналаған. Ол басқаратын журналистер құқығын қорғау ұйымы ел билігін баспасөз еркіндігін шектейді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG