Accessibility links

Киев: Донбаста алты сарбаз қаза тапты


Донецкіде жүрген украин әскері. Украина, 9 маусым 2015 жыл.

Донецкіде жүрген украин әскері. Украина, 9 маусым 2015 жыл.

Донбаста украиналық алты сарбаз қаза тауып, 14-і жараланды деп хабарлады кеше Украина президенті әкімшілігінің өкілі Андрей Лысенко. Оның сөзінше, "Донецк әуежайы маңында аса беймаза ахуал орнап тұр".

Андрей Лысенко сепаратистерді танк, БМП мен ауыр артиллерия қолданып, "Авдеевка мен Водянені танктен атқылады" деп айыптады.

Оның сөзінше, Марьинка мен Красногоровка маңындағы украин әскері миномет мен артиллерия шабуылына ұшыраған, Горловка маңында атыс әлі тыйылмаған, ал Золотое кенті мен Счастье қаласына минометтен оқ атылған. Станично-Луганский ауданы мен Новотошковское кенті де шабуылға ұшыраған.

XS
SM
MD
LG