Accessibility links

Таразда қамалған қырғыз азаматының туысы көмек сұрады


Қазақ-қырғыз шекарасында тұрған жүк көліктері.

Қазақ-қырғыз шекарасында тұрған жүк көліктері.

"Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен, контрабанда мен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар" деген айыппен Тараз қаласының тергеу абақтысында бір жылдан астам уақыттан бері қамауда отырған Қырғызстанның 13 азаматының туыстары көмек сұрады.

"Олар жазықсыз қамалып жатыр. Сот Алматы қаласына ауыстырылды, бірақ босатпайтын сияқты. Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігіне, тиісті орындарға, президентке айттық, ешқандай жәрдем болмай жатыр" дейді жүргізушілердің бірінің жұбайы Изат Сапарқызы.

Бұған дейін Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша Қазақстандағы бас консулы айналысып жатқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG