Accessibility links

Ұлыбритания кей елдегі агенттерін шақырып алмақ


MI6 (МИ-6) барлау агентігінің ғимараты. Лондон.
MI6 (МИ-6) барлау агентігінің ғимараты. Лондон.

Ұлыбритания бірнеше елдегі агенттерін шақырып алмақ деп хабарлады BBC. Ел агенттері жайлы құпия мәліметтерді Ресей мен Қытай біліп қойғандықтан осындай амалға бармақ.

The Sunday Times газетінің жазуынша, Мәскеу мен Пекин АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден жария еткен миллиондаған құпия файлдардың кодын ашып кірген. Ондағы деректер америкалық және британдық агенттердің жұмысы жайлы толық мәлімет беріп, олардың кім екенін анықтауға себеп болуы мүмкін. Ұлыбританияның "дұшпан елдердегі" тыңшыларын шақырып алғанын жазған газет ол елдерді атап айтпаған.

2013 жылы жазда америкалық арнайы қызметтің азаматтардың телефон және электрондық байланыстарына тыңшылық жасайтын арнайы бағдарламалары барын, жария еткен соң АҚШ-тан қашқан Сноуден сол жылы Ресейден уақытша баспана алған. Вашингтон Ресейден оны қайтаруды талап еткен. Сноуден биыл наурызда өзіне баспана беруді сұрап Швейцарияға өтініш білдірген.

XS
SM
MD
LG