Accessibility links

Молдовада жергілікті органдарға сайлау өтті


Молдовадағы жергілікті билік органдарына сайлауға дауыс беру. 14 маусым 2015 жыл.

Молдовадағы жергілікті билік органдарына сайлауға дауыс беру. 14 маусым 2015 жыл.

Молдовада 14 маусымда жергілікті билік органдарына сайлау өтті. Сарапшылар пікірінше, сайлау молдовалықтардың я Еуропамен интеграциялануды, я Ресеймен жақындасуды таңдайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

Өткен аптада Молдова премьер-министрі, Еуропамен интеграцияны жақтайтын Кирилл Габурич отставкаға кеткен. Отставкаға оның орта және жоғары білімі туралы дипломының "жалған" екені туралы сыбыстар себеп болған.

Ресми мәлімет бойынша, сайлауға 2,8 миллион сайлаушының 49 пайызға жуығы қатысқан. Дауыс берудің алғашқы нәтижелері таяу уақытта белгілі бола бастамақ. Егер кандидаттар 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, онда 28 маусымда сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Сайлауда негізінен Кишиневке назар аударылып отыр. Мұнда 2007 жылдан бері мэр болып келе жатқан еуропашыл Дорин Киртоакэ ресейшіл Социалистік партия атынан үміткер Зинаида Гречаномен бәсекеге түсіп отыр.

Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, жергілікті органдардағы орындардың көпшілігін Молдованың Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше Кеден Одағына кіруін жақтайтын Социалистік партия үміткерлері алуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG