Accessibility links

SIPRI: Ядролық державалар арсеналын жаңалап жатыр


Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының логотипі.

Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының логотипі.

Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) дерегінше, әлемде 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта ядролық оқтұмсықтар саны 22 мың 600-ден 15 мың 850-ге дейін азайған. Бірақ SIPRI ядролық қаруы бар елдер мұның есесіне арсеналдарын жаңалап жатыр дейді.

SIPRI-дің 15 маусымда жариялаған есебінде ядролық арсеналдарын негізінен АҚШ пен Ресей қысқартқаны, бірақ бұл екі елдің ядролық қаруын "ұзақ мерзімдік және қымбат бағаға модернизациялау бағдарламасын" жүргізіп жатқаны айтылады. Әлемдегі ядролық қарудың 90 пайызға жуығы Ресей мен АҚШ үлесінде.

Институт Ядролық қаруды таратпау туралы келісім бойынша ядролық держава деп танылған үш ел - Қытай, Франция және Ұлыбритания "ядролық қару-жарақтың жаңа жүйесін дамытып, жасауды жоспарлап отыр немесе қолға алған" дейді. SIPRI бес ядролық держава арасында Қытайдың ядролық арсеналын "үздіксіз" арттырып отырғанын байқаған.

Ядролық қаруы бар өзге үш елдің екеуі - Үндістан мен Пәкістан ядролық арсеналын көбейтуді жалғастырып жатса, Израиль алыс радиуста әрекет ететін баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген.

XS
SM
MD
LG