Accessibility links

Женевада бүгін Йемен келіссөзі өтеді


Йеменнің хуситтер биліктен қуған президенті Абд Раббу Мансур Хади. Эр-Рияд, мамыр 2015 жыл.
Йеменнің хуситтер биліктен қуған президенті Абд Раббу Мансур Хади. Эр-Рияд, мамыр 2015 жыл.

Йеменде соғысып жатқан тараптар делегациясы БҰҰ арағайындығымен өтетін бейбіт келіссөзге қатысу үшін Женеваға кетті. Делегаттар құрамында шииттік хусит көтерілісшілері мен олардың жақтасы, бұрынғы президент Әли Абдулла Салех партиясының өкілдері бар. Социалистік Хакк партиясы өкілдері де келіссөзге қатысады.

Хуситтер биліктен қуған Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хади үкіметінің делегаттары Женеваға 14 маусымда барып алған.

Маусымның 15-і күні басталатын келіссөзге бірінші рет Йемендегі барлық қақтығысушы тараптар өкілдері түгел қатысайын деп отыр.

Наурызда Сауд Арабиясы мен сүнниттік араб елдері Йеменде хуситтерге қарсы әуе шабуылдарын бастаған. Хуситтер ол уақытта ел астанасы Сананы басып алып, Абд-Раббу Мансару Хадиді елден кетуге мәжбүр еткен.

Йеменнің көпшілік бөлігін бақылауда ұстап тұрған шиит көтерілісшілері қарамағындағы территорияларды босату талаптарына мойынсұнбай отыр.

XS
SM
MD
LG