Accessibility links

ОАР Судан президентіне елден шығуға тыйым салды


ОАР-да қамауда отырған Судан президенті Омар әл-Башир.

ОАР-да қамауда отырған Судан президенті Омар әл-Башир.

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) соты Судан президенті Омар әл-Баширдің ОАР территориясын тастап шығуына салынған тыйымды ұзартты. Судан президенті ОАР-ға Африка одағы елдері саммитіне қатысуға барған. Сот шешімі бойынша, Омар әл-Башир өзін Халықаралық қылмыстық сотқа тапсыру туралы мәселе шешілгенше ОАР-да болады.

Халықаралық қылмыстық сот ОАР билігін Баширді "әскери қылмыс, адамзатқа қарсы қылмыс жасады және Дарфурдегі қақтығыста геноцид ұйымдастырды" деген күдікпен тұтқындауға шақырған.

Омар әл-Баширге ресми айып 2009 жылы тағылған. 15 маусымда Судан президентін ұстау туралы өтініш қаралуы тиіс. Бірақ ОАР Африка одағы елдері саммитіне қатысушылардың барлығының құқығына қол сұғылмайтынына кепілдік бергендіктен өтініштің қанағаттандырылуы екіталай.

ОАР президенті Джейкоб Зуманың саяси қозғалысы - Африка ұлттық конгресі сот шешіміне наразылық білдіріп, Халықаралық қылмыстық сотты "батыстық құқық нормаларын жекелеген африкалықтарға қатысты алалап қолданады" деп айыптады.

Дарфур қақтығысы 2003 жылы Омар әл-Башир үкіметіне қарсы қарулы қарсылық салдарынан туындаған. БҰҰ дерегінше, онда 300 мыңнан астам адам қаза тапқан. Тағы екі миллион адам тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG