Accessibility links

Назарбаев университетінің алғашқы түлектері диплом алды


Назарбаев университеті, Астана. (Көрнекі сурет).

Назарбаев университеті, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Назарбаев университетінің құрылғанына бес жыл толуына орай университетте түлектерді марапаттау салтанатына қатысып, сөз сөйледі.

Назарбаев университет түлектерін құттықтау салтанатында "Республика өміріне еліміздегі жоғары білімнің көшбасшысы - әлемдік деңгейдегі алғашқы ғылыми-білім беру орталығының түлектері араласайын деп отыр. Бұл біз "Реформаларға жүз қадам" ұлттық жоспары негізінде терең қайта құруға кірісейін деп отырған тұста өте маңызды" деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері "көп жетістікке қол жеткізгенін, "білім сапасының жақсарып келе жатқанын" және "білім саласына үлкен көңіл бөлініп отырғанын" айтты. Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан білім сапасы жөнінен халықаралық рейтингте бұрынғы көрсеткішінен 10 орынға жоғарылаған, ЮНИСЕФ-тің жастар ресурсы рейтингінде алғашқы отыздыққа кірген.

Қазақстан президенті университет түлектерін "өз еңбектеріне, өз күштеріне ғана сенуге" шақырып, өздеріне жұмсалған шығынды қайтару үшін қазақстандық компанияларға жұмыс істеуге үндеді.

XS
SM
MD
LG