Accessibility links

"Талибан" төрт тәжік шекарашысын босатты


Тәжік шекарашысы шекарадағы көлікті тексеріп тұр. (Көрнекі сурет).
Тәжік шекарашысы шекарадағы көлікті тексеріп тұр. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда "Талибан" Катардың араға түсуінен соң төрт тәжік шекарашысын тұтқыннан босатты.

Катар сыртқы істер министрлігінің 15 маусымда хабарлауынша, төрт шекарашы "гуманитарлық ниетпен" босатылған. Ресми Душанбе әзірге шекарашылардың босатылғанына қатысты түсініктеме бере қоймады.

"Талибан" содырлары тәжікстандық шекарашыларды 2014 жылы желтоқсанда Ауғанстанның солтүстігінде, Тәжікстанмен шекараға жақын маңда тұтқындаған еді. Шекарашылар отын жинап жүргенде содырлардың қолына түскен.

XS
SM
MD
LG