Accessibility links

"Әл-Қаидадағы" екінші адам қаза тапқаны хабарланды


Пилотсыз шабуылдаушы ұшақ. (Көрнекі сурет).

Пилотсыз шабуылдаушы ұшақ. (Көрнекі сурет).

"Араб түбегіндегі Әл-Қаида" тобының жетекшісі Насир әл-Вахиши пилотсыз ұшақ шабуылынан қаза тапты. CNN телеарнасының Йемен билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Усама бен Ладеннің серіктерінің бірі Насир әл-Вахиши Хадрамут аймағында мерт болған. "Әл-Қаида" ұйымы бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсінік бере қоймады. Бірақ ұйым жақтастары Twitter-де әл-Вахишидің қазасы туралы жаза бастады. Бұл ақпарат Йемен ақпарат құралдарында да жарық көрді.

"Араб түбегіндегі Әл-Қаида" тобын АҚШ "Әл-Қаиданың" ең қауіпті бөлімшесі санайды. "Әл-Қаида" иерархиясындағы Айман әл-Зауахириден кейінгі екінші тұрған әл-Вахиши АҚШ-та шабуыл жасауды жоспарлаған ең қауіпті қылмыскерлер тізімінде тұрған.

АҚШ әл-Вахишидің қаза тапқанын тексеріп жатыр. АҚШ билігі өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, америкалық әскерилердің пилотсыз ұшақ шабуылына қатысы жоқ. Ол бұған қоса операцияға АҚШ Орталық барлау басқармасының қатысы бар-жоғынан хабарсыз екенін де айтқан.

XS
SM
MD
LG