Accessibility links

Пан Ги Мун Йемен келіссөзін ашты


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Женева, 15 маусым 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Женева, 15 маусым 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Женевада Йемендегі қақтығысты реттеуге арналған келіссөзді ашып, сөз сөйледі. Пан Ги Мунның айтуынша, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Йеменге гуманитарлық жүк жеткізу үшін кемінде екі апта бітім орнауы тиіс.

Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясының көтерілісші хуситтерге қарсы әскери операция бастаған наурыз айынан бері Йеменде 2 мың 600-ден астам қаза тапқан.

Йемен премьер-министрі Рияд Ясин Абдулла таяу уақытта қақтығыстың тоқтауы мүмкін екенін жоққа шығарғанымен, үкімет егер хуситтер Аден мен Таиз қалаларынан кетуге және алты мыңға тарта тұтқынды босатуға келіссе уақытша бітім орнату мүмкіндіктерін қарастыруы ықтимал екенін айтты.

Йемен билігі өкілдері Женеваға барып алған. Бірақ Йемен астанасы Санадан шыққан, арасында хуситтердің "Ансарулла" тобының өкілдері де бар делегация Джибути қаласына қонуға мәжүр болған. Йемен дипломатиялық дереккөздерінің хабарына қарағанда, Египет олардың ұшағына өз әуе кеңістігі арқылы ұшуына рұқсат етпеген.

XS
SM
MD
LG