Accessibility links

Алматыда борышкерлер наразылық танытты


Борышкерлердің "Фортебанк" кеңсесі алдындағы наразылық акциясы. Алматы, 16 маусым 2015 жыл.

Борышкерлердің "Фортебанк" кеңсесі алдындағы наразылық акциясы. Алматы, 16 маусым 2015 жыл.

Бүгін Алматыда жиырма шақты борышкер "Фортебанктің" Фурманов пен Жібек жолы көшелері қиылысындағы кеңсесі алдында наразылық акциясын өткізді.

Борышкерлер жиында банктен Қазақстан Ұлттық банкінің сәуірде қабылдаған тұрғын үй борышкерлерінің қарызын қайта қаржыландыру туралы қаулысын орындауды талап етті. Борышкерлер банктен қаулы бойынша өздерімен қарыздарын қайта қаржыландыру туралы келісім-шарт жасасуды талап етті.

Акцияға шыққан "Фортебанктің" қарыздарды өндіріп алу тобының өкілі Қанат Мусин банк Ұлттық банктен қарызды қайта қаржыландыру туралы келісім-шартты енді алғанын, келесі аптадан бастап борышкерлермен жеке-жеке талапқа сай келісім жасасатынын айтты. "Банк борышкерлер қарызының негізгі сомасын қалдырып, төленбеген пайыздық мөлшерлемені жояды. Одан кейінгі пайыздық мөлшерлеме Ұлттық банк белгілегендей үш пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді" деді.

Сәуір айында Ұлттық банк проблемалық несиелер қорының жарғылық капиталын 130 миллиард теңгеге дейін ұлғайтқан. Қазақстан билігі бөлінген қаржы "борышкерлердің қарызын кешіруге жұмсалмайтынын", қаржы ипотекалық несиелерге қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге бөлінгенін мәлімдеген.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазақстандық банктердің қарызға берілген қаржысындағы проблемалық несиелердің үлесі 30 пайыздан асып кетеді. Қазақстанда 2008 жылдан бастап ипотекалық несиесін төлей алмайтындардың қоғамдық ұйымдары қызмет етеді. Ол ұйымдар әлемдік экономикалық дағдарыс пен форс-мажорлық жағдайға сілтеп, билікті несиелерін төлей алмағаны үшін салынған айыппұлдың жойылуына немесе банк алдындағы қарыздарының кешірілуіне ықпал етуге шақырады.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG