Accessibility links

Бітімгершілік қызметі туралы заң қабылданды


Қазақстан президентінің резиденциясы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президентінің резиденциясы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бітімгершілік қызметі туралы" заңға қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң Қазақстан әскерінің бітімгершілік операцияларына қатысу тәртібін реттейді. Заң бойынша, Қазақстан президенті қарулы күштерді бітімгерлік операцияларына қатыстыру ұсынысын парламентке жолдайды, парламент ұсынысты талқылап, тиісті шешім қабылдайды. Қазақстан әскері бітімгерлік операциясындағы әрекетін бітімгерлік операциясы тұтастай аяқталғанда, операцияға қатысу мерзімі біткенде немесе мерзімінен бұрын қайтарып алынғанда тоқтатады.

Құжат бойынша, бітімгіршілік күштерге қаржы Қазақстан үкіметінің резервінен, БҰҰ мен халықаралық ұйымдардан және бітімгершілік операцияларын қаржыландыратын серіктес мемлекеттерден бөлінеді.

Заң жобасын парламент мамыр айының соңында мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG