Accessibility links

Астанада белсенді Біләлов ұсталды


Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.
Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

Астанада "Щебсклад" саяжайындағы үйлердің сүрілуіне қарсы белсенді Болатбек Біләлов өзін бүгін полиция ұстап әкеткенін хабарлады.

Азаттыққа телефон арқылы "Қалалық ішкі істер департаментінде отырмын" деген Біләлов өзінің не үшін ұсталғаны белгісіз екенін айтып, сөйлесе алмайтынын жеткізді.

Азаматтық тағы бір белсенді Алмас Мақсұтовтың айтуынша, бүгін таңертең Біләловті полиция әуелде ұстамақ болған. Полиция оған өзін ұстау туралы ешқандай құжат көрсетпегендіктен белсенді қарсылық танытқан. Полицияның оны ұстау әрекеті сәтсіз болған. Алмас Мақсұтовтың сөзінше, Біләлов кеше Астана әкімдігі алдында "Щебсклад" тұрғындарымен саяжайдағы үйлерді сүруге қарсылық акциясына дайындық жасаған. "Полиция оны сол әрекеті үшін ұстамақ болған шығар" дейді Мақсұтов.

XS
SM
MD
LG