Accessibility links

Шымкентте жол апатынан 8 адам мерт болды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Бүгін Шымкент түбінде Алматы-Шымкент жолында жол апатынан сегіз адам қаза тапты деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) ақпаратына қарағанда, жол апаты "Боз Арық" айналма жолында болған. "Mercedes Sprinter" шағын автобусы "Howo" жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиғадан бірнеше адам түрлі дәрежеде жарақаттанған. Қазір нақты қанша адам зардап шеккені анықталу үстінде.

Жол апатының себептері тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG