Accessibility links

Ұлттық банк: Борышкерлер мәселесіне қаржы бөліне бастады


Ұлттық банк ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).

Ұлттық банк ғимараты, Алматы. (Көрнекі сурет).

Проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген 130 миллиард теңгенің жартысына жуығы - 63,2 миллиард теңге банктерге түсті деп хабарлады Ұлттық банкке сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Ұлттық банктің дерегінше, банктің проблемалық несиелер қоры келісім-шарт жасасқан екінші деңгейлі банктерге 63,2 миллиард теңге аударған. Қазір проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысқысы келетін банктермен келісім жүргізіліп жатыр.

Бүгін Алматыда жиырма шақты борышкер "Фортебанк" кеңсесі алдында банктің өздерімен несиелерін қайта қаржыландыру туралы келісім-шарт жасасуын талап етіп, наразылық акциясын өткізген. Борышкерлер жиында банктен Қазақстан Ұлттық банкінің сәуірде қабылдаған тұрғын үй борышкерлерінің қарызын қайта қаржыландыру туралы қаулысын орындауды талап еткен.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазақстандық банктердің қарызға берілген қаржысындағы проблемалық несиелердің үлесі 30 пайыздан асып кетеді. Қазақстанда 2008 жылдан бастап ипотекалық несиесін төлей алмайтындардың қоғамдық ұйымдары қызмет етеді. Ол ұйымдар әлемдік экономикалық дағдарыс пен форс-мажорлық жағдайға сілтеп, билікті несиелерін төлей алмағаны үшін салынған айыппұлдың жойылуына немесе банк алдындағы қарыздарының кешірілуіне ықпал етуге шақырады.

XS
SM
MD
LG