Accessibility links

Тбилисидегі тасқын құрбандары 19 адамға жетті


Құтқарушылар Тбилисиде су тасқынынан қаза тапқан адам денесін әкетіп барады. Грузия, 16 маусым 2015 жыл.

Құтқарушылар Тбилисиде су тасқынынан қаза тапқан адам денесін әкетіп барады. Грузия, 16 маусым 2015 жыл.

Грузия астанасы Тбилисидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті. Алты адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Қалада іздеу және құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Тбилисиде нөсер жауын 13 маусымда басталған. Жауыннан Тбилиси ортасынан өтетін Вера өзені арнасынан асып, қаланы су басқан. Су тасқыны кезінде қаладағы зоопарктен хайуанаттар қашып, 300-ге тарта жабайы аң мерт болды. Қалғандары ұсталып, қайтадан торға қамалды. Барлық жолбарыс пен арыстан өлді.

Грузия үкіметі Тбилисиге келген шығынды 44 миллион АҚШ долларына бағалап отыр. Еуропа Одағы апат салдарын жоюға көмектесуге дайын екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG