Accessibility links

"Талибан": ИМ Ауғанстанда бой көрсетпегені жөн


"Ислам мемлекеті" ұйымының туы. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" ұйымының туы. (Көрнекі сурет).

"Талибан" қозғалысы "Ислам мемлекеті" ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадиден Ауғанстан территориясында өздерімен қатар астыртын әрекет жүргізбеуді талап етті. Бағдадиге жіберілген "Талибан" басшысының орынбасары Мулла Ахтар Мұхаммед Мансурдың қолы қойылған хатта "америкалықтар мен олардың одақтастарына қарсы жиһад бір ту астында және бір командамен жүргізілуі тиіс" екені айтылған.

Соңғы кезде екі топ содырлары арасында қақтығыстар болып қалып, "Талибан" қатарынан қашу оқиғалары көбейгені туралы ақпараттар пайда болған.

"Талибан" жиһадшылардың әртүрлілігі жиһад пен мұсылмандарға пайда әкеледі деп санамайды. Сіздің алыста отырып қабылдайтын шешіміңіз "Ислам мемлекетінің" діни тұлғалар мен моджахедтердің қолдауынан айырылуына әкеп соқтырады. Ислам әмірлігі ("Талибан") қол жеткен табысын сақтау үшін жауап беруге мәжбүр болады" делінген пушту, урду, араб және дари тілінде жазылған хатта.

Соңғы куақытта "Талибан" жасақтары қатарынан қашушылар көбейген. Көптеген содырлар "Ислам мемлекеті" ұйымының туы мен символдарын пайдалана бастаған.

XS
SM
MD
LG