Accessibility links

Сепаратистер өкілі: Келіссөзден нәтиже шықпады


Украина шығысындағы өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" өкілі Денис Пушилин.

Украина шығысындағы өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" өкілі Денис Пушилин.

Украина әскери қолбасшылығының мәлімдеуінше, Луганск облысында калибрі 122 миллиметрлік зеңбіректен атқылау нәтижесінде екі әскери қызметкер қаза тапты. Ал ресейшіл сепаратистер өкілі Денис Пушлин 2 маусымда Минскіде өткен Украина шығысындағы қайта көбейген зорлық-зомбылықты азайту жөніндегі кездесу қақтығысты тоқтата алмайды деп мәлімдеді.

Журналистерге берген сұхбатында Пушилин "Біз бірқатар позитивті қадам жасадық. Бірақ өкінішке орай, күткендегідей нәтижеге қол жеткізбедік" деген. Ол тараптар 23 маусымда Беларусьте тағы кездесуге уағдаласқанын да айтты.

Ақпан айында Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко Минскіде Франция мен Германияның арағайындығымен бейбіт келісімге қол қойған.

16 маусымда Путин Минск кілісімін "әділ әрі екі жаққа бірдей теңдестірілген" деп асанайтынын айтқан. Ол "Ресей мазмұнымен келіспесе келісімге қол қоймаған болар еді" деген.

Путиннің сөзіне қарағанда, Мәскеу Киев Украинаға биліктен құлатылған президент Виктор Янукович тұсында берілген үш миллиард АҚШ доллары көлеміндегі займды қайтарады деп күтіп отыр.

XS
SM
MD
LG