Accessibility links

Ресейдің Россельхознадзор мекемесі Қазақстаннан жеткізілген 3 мың 500 дана жұмыртқаны елге кіргізуге тыйым салды.

Россельхознадзор мекемесінің ақпаратына қарағанда, Новосибирск облыстық ветеринарлық бақылау басқармасының инспекторлары Қазақстаннан жеткізілген жұмыртқаны тексеруде "өнімнің қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық құжаты жоғын" анықтаған. "Ветеринарлық заңнама талаптарына сай келмейді" деп танылған жұмыртқа Қазақстанға кері қайтарылған.

Россельхознадзор мекемесі бұған дейін де Қазақстаннан жеткізілген ұн, көкөніс пен жеміс-жидекті де "қауіпсіздік, фитосанитарлық талаптарға сай емес" деген себеппен кіргізбей қойған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG