Accessibility links

Астанада жанжалға қатысты 18 адам ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Астана полициясы "Артем" сауда үйінде болған жанжалға қатысты 18 адамды тұтқындады деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қалалық ішкі істер департментінің мәліметінше, "Артем" сауда үйіндегі төбелес 16 маусым күні кешкі сағат 20 шамасында болған. Оқиға "Артем" күзетшілерінің үш бала ерткен жас келіншектің сауда үйі алдында қайыр сұрауына рұқсат етпеуінен басталған. Полицияның ақпаратына қарағанда, күзетшілер келіншекпен сөзге келіп қалып, оқиға орнына топ адам жиналған.

Полиция 18 адамды мән-жайды білу және оқиғаға қатысы барын анықтау үшін ұстаған. ІІД оқиғадан зардап шеккендер мен бүлінген нысан жоғын айтады.

Қазір "жекеменшік күзет қызметінің қызмет өкілетін асыра пайдалануы" және сауда үйі күзетшілерінің шағымы бойынша "бұзақылық" бабымен іс қозғалып, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG