Accessibility links

Мәсімов: Қашаған құбырын консорциум өзі ауыстырады


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан Қашаған мұнай кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумына құбырларды ауыстыруға кететін шығынды өтеп бермейді деп мәлімдеді бүгін парламенттің бірлескен отырысында сөйлеген премьер-министр Кәрім Мәсімов.

"Келіскеніміз бойынша, мемлекет құбырды ауыстыруға кететін шығынды өтемейді. Ол жұмысты компнаиялардың өздері атқарады" деді Мәсімов.

Каспий теңізінің Қазақстан жағында орналасқан Қашаған кенішінің жұмысы 2013 жылдың қыркүйегінде теңізден құрлыққа тартылған құбырдан ақау шыққанына байланысты тоқтатылған. Қазақстан энергетика министрлігінің есебі бойынша, Қашағандағы құбырды ауыстыруға 1,6-3,6 миллиард АҚШ доллары аралығында қаржы кетеді.

NCOC консорциумының атқарушы директоры Стефан де Майенің мәлімдеуінше, Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдың екінші жартысында қайта басталады деп жоспарланып отыр. Болжам бойынша, кеніштен 2017 жылдың соңына қарай тәулігіне максималды 370 мың баррель мұнай өндірілмек.

XS
SM
MD
LG