Accessibility links

Қырғызстанда сандық хабар тарату қызметі қосылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстанда сандық хабар тарату қызметі іске қосылды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстанда бүгін телеарна каналдарының бұрынғы хабар тарату жиіліктерін халықаралық қорғаудан айыратын "Женева-2006" халықаралық келісімі күшіне енеді.

Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев Қырғызстанның сандық хабар таратуды енгізу келісіміне қосылғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, сандық хабар таратуға көшу халықтың сапалы әрі мүлдем жаңа хабар тарату қызметіне қолын жеткізеді.

Сандық хабар таратуға өту үшін мемлекеттен 300 миллион сом (5 миллион АҚШ доллары) бөлінген.

XS
SM
MD
LG