Accessibility links

Қазақстанда ораза басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМБД) ресми сайты "18 маусым - қасиетті Рамазан айының бірінші күні" екенін хабарлайды. Осыған орай, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының келуімен құттықтап, "Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай!" деген тілек жолдаған.

ҚМБД сайты "Биылғы Рамазан маусымның 18-інен шілденің 16-сына дейін жалғасады. Оразаның жалпы уақыты - 29 күн. Қазақстан бойынша пітір садақаның құны жан басына 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақа Ораза айт намазына дейін берілуі тиіс. 17 шілде (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады" деп хабарлайды.

Рамазан айында мұсылмандар таң білінгеннен ымырт жабылғанша ораза ұстайды. Бұл уақытта мұсылмандар тамақ ішу мен жыныстық қатынастан, шылым шегу мен жаман ойдан тыйылады. Оразаның мақсаты - Құдайға жақындау, тұрмысы төмен жандардың ахуалын түсіну. Бұл күндері мұсылмандар мен қайырымдылық ұйымдары садақа беріп, ауызашар ұымдастырады.

XS
SM
MD
LG