Accessibility links

НАТО: Ресей жауапсыз әрекет қылып отыр


АҚШ әскери-әуе күштерінің генералы, НАТО бас қолбасшысы Филип Бридлав.

АҚШ әскери-әуе күштерінің генералы, НАТО бас қолбасшысы Филип Бридлав.

НАТО күштерінің қолбасшысы Филип Бридлав Ресейдің ядролық оқтұмсықтар алып ұша алатын жаңа зымырандарға ие болу жоспары "жауапкершілігі бар ядролық державаның әрекеті емес" деп мәлімдеді.

"Бұл жауапкершілігі бар ядролық державаға тән жосық емес" деді АҚШ әскери-әуе күштерінің генералы әрі НАТО бас қолбасшысы.

"Ядролық қару мәселесінде шиеленісті күшейтетін әңгіме жауапкершілікке сай келмейді. Біз ядролық державаларды ядролық қаруға аса жауапты қарауға шақырамыз" деді Бридлав.

Ресей президенті Владимир Путин 16 маусымда биыл Ресей қару-жарақ арсеналы жаңа 40 құрлықаралық баллистикалық зымыранмен толығатынын мәлімдеген. Ол бұған қоса АҚШ-тың Шығыс Еуропаға ауыр қару-жарақ орналастыратыны туралы ақпаратқа алаңдамайтынын да айтқан.

Бірақ Кремль 17 маусымда жариялаған мәлімдемесінде Мәскеудің батыс елдерімен қарулану жарысына қайта түскісі келмейтіні айтылады. "Біз қандай да бір қарулану жарысына қарсымыз. Себебі бұл бізді экономикалық тұрғыдан әлсіретеді. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз" деген кешегі мәлімдемеде Ресей президентінің көмекшісі Дмитрий Ушаков.

XS
SM
MD
LG