Accessibility links

Сарыағаш оқиғасы: Нарметов 18 жылға сотталды


Ынтымақ ауылында жүрген жедел жәрдем көліктері. 11 ақпан 2015 жыл.

Ынтымақ ауылында жүрген жедел жәрдем көліктері. 11 ақпан 2015 жыл.

Бүгін сот Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы биылғы ақпан айындағы кісі өліміне кінәлі деп танылған Навмидин Нарметовті 18 жылға түрмеге кесті.

Сот залынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот үкімі бойынша ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейтін болады. Навмидин Нарметов айыбын толық мойындайтынын айтқан.

2015 жылы ақпанның 4-іне қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бостандық ауылына жақын маңда Бақытжан Артықовтың мәйіті табылған. Ал 5 ақпанда Ынтымақ пен Бостандық ауылдарында қазақ жастары жаппай көшеге шығып, сол ауылдағы жергілікті этникалық тәжіктерге тиесілі ондаған үй мен көліктер өртенген еді.

Облыстық ішкі істер департаменті "деректер бойынша, кісі өліміне Нарметовтің Артықовтың жылыжайын жалға алуына байланысты туындаған дау себеп болған" хабарлаған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG