Accessibility links

WikiLeaks сайты жаңа құжаттарды жариялады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

WikiLeaks сайты Sony Pictures компаниясының компьютерлік желісіне жасаған хакерлік шабуылдан алынған 276 мың 394 жаңа құжатты жариялады. Алғашқы 30 мың файл биыл сәуір айында жарияланған еді. WikiLeaks кезекті құжаттарды жариялағанын Twitter-дегі аккаунтында хабарлады.

Sony Pictures компаниясы өткен жылы қараша айында жаппай кибер шабуылға ұшыраған. Ақ үй хакерлік шабуылға Солтүстік Кореяны айыптаған. Пхеньян шабуылға өзінің қатысы барын жоққа шығарғанымен, оны қолдайтынын мәлімдеген. Хакерлер АҚШ Орталық барлау басқармасының Солтүстік Корея басшысын өлтіру жоспары жайлы ойдан шығарылған "Интервью" комедиясының жарыққа шығуына байланысты Sony Pictures компаниясына доқ көрсеткеннен кейін ұрланған мәліметтердің алғашқы бөлігі жарияланған.

XS
SM
MD
LG