Accessibility links

Алматыдан 227 километр қашықтықта жер сілкінді


Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 227 километр қашықтықта қуаттылығы 5,3 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлады бүгін білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі 19 маусым күні Астана уақыты бойынша сағат 6:54-те тіркелген. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, жердің 15 километр тереңдігінде болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Талдықорған қаласында екі-үш балл шамасында сезілген.

Кеше Алматыдан батысқа қарай 520 километр қашықтықта қуаттылығы 4,3 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болған.

XS
SM
MD
LG