Accessibility links

Нуланд: Ресейдің зымыран туралы айтқаны таң қалдырмайды


АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд Мәскеудің Ресей ядролық арсеналын жаңа 40 құрлықаралық баллистикалық зымыранымен толықтыру туралы мәлімдемесіне күмән келтірді.

"Мұндай мәлімдемелер әдетте күшті әсер қалдыру үшін ашық жарияланады. Бірақ біз қазір Ресейде шын мәнінде не болып жатқанына қарайтын болсақ, онда мұның таң қалдырарлықтай емес екенін байқаймыз" деді Нуланд Чехияға сапарында Прагада журналистерге.

Маусымның 16-сы күні Ресей президенті Владимир Путин биыл Ресей ядролық арсеналы жаңа 40 құрлықаралық баллистикалық зымыранымен толығатынын мәлімдеген. Бірақ кейін Кремль Ресей экономикалық жағдайға байланысты батыспен жаңа қарулану жарысына түскісі келмейтінін мәлімдеген. "Біз қандай да бір қарулануға қарсымыз. Себебі бұл біздің экономикалық мүмкіндіктерімізді әлсіретеді" деген 17 маусымда Путиннің көмекшісі Дмитрий Ушаков.

XS
SM
MD
LG