Accessibility links

Ыстықкөлде Орталық Азия балаларына лагерь ашылды


Ыстықкөл жағалауындағы демалыс орындары, Қырғызстан. (Көрнекі сурет).

Ыстықкөл жағалауындағы демалыс орындары, Қырғызстан. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда Ыстықкөл облысының Корумду ауылында Орталық Азия елдерінің балаларына арналған жазғы лагерь ашылды. Қырғызстан білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, үш күндік білім беру лагері 10 сынып оқушыларын математика мен ағылшын тілі пәндерінен күшейтілген түрде дайындықтан өткізуді мақсат етеді.

Қырғызстан, Қазақстан мен Тәжікстаннан лагерге жолдама алуға 10 сыныпта оқитын 850 оқушы өтініш берген. Оның ішінен оқу үлгерімі мен мектептен тыс кездегі жетістіктеріне сай 80 оқушы іріктеліп, лагерге жолдама алған. Оқушылар мұнда шипажайларда демалып қана қоймай, білімдерін молайтады.

Мұғалімдер мен тәрбиші қызметіне Қырғызстандағы Ага-Хан қорымен бірлесе отырып тәжірибелі әрі біліктілігі жоғары, көп ұлтты команда жасақталған.

XS
SM
MD
LG