Accessibility links

Демалыс күндері елдің батысы мен оңтүстігі ыстық болады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Қазгидромет" мекемесінің хабарлауынша, 20-22 маусым аралығында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде күн шектен тыс ыстық болады.

"Қазгидромет" таратқан ақпаратта "Көпжылғы орташа мәнді ауа температурасынан 5-10º жоғары аномальді ыстық Қазақстанның көптеген облыстарында орнады. Бізге батыс тараптан - Таяу Шығыстан ыстық ауа келіп түседі. Демалыс күндері елдің батысында және оңтүстігінде күн температурасы +36-42º шегінде болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарға Сібір аудандарынан ауа келеді, сондықтан мұнда нормаға жақын температура сақталады және кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG