Accessibility links

АҚШ: Иран терроризмді қолдап отыр


Иран президенті Хасан Роухани. Тегеран, 3 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Иран президенті Хасан Роухани. Тегеран, 3 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

19 маусым күні АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі "Иранның халықаралық террорлық ұйымдарды қолдауы былтыр азаймады, тіпті бұл ел экономикалық санкцияларға қарамастан, оларды қолдауын күшейте түсті" деп мәлімдеді.

АҚШ үкіметі мәлімдемесінде "Иран президенті Хасан Роуханидің сайлауы да, әлемдік державалармен жүріп жатқан ядролық келіссөздер де бұл елдің Таяу Шығыстағы саясатын өзгерте алмады" дейді.

АҚШ үкіметінің террормен күрес бойынша есебінде "Ислам мемлекеті" және "Талибан" экстремистік ұйымдарының шабуылдары күшеюімен қатар, 2014 жылы Иранның террорлық ұйымдарды қолдауы да ұлғая түскені" айтылған.

Тегеран Иракта соғысып жатқан шиит жасақтарына, Ливандағы "Хезболла" ұйымына, Сирия президенті Башар Асад әскеріне, палестиналық "ХАМАС" және "Ислам жиһады" топтарына қолдауды көбейткен. Мәлімдемеде мұнымен қатар, Иранның "Әл-Қаида" террорлық ұйымының ұсталған басшыларын жауапқа тартуға да асықпай отырғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG