Accessibility links

Ресей Францияға ЮКОС-қа қатысты ескерту жасады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Минск, 11 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Минск, 11 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Франция бірнеше ай бұрын арбитраж соты үкімімен Ресейдің 50 миллиард долларлық активтерін құлыптаған еді.

Мәскеу Париждің бұл әрекетіне қарсы шаралар қолданатынын ескертті. Кремль Франция үкіметіне қарсы шаралар ғана емес, Франция компаниялары мен азаматтарына қатысты шектеулер қоятынын мәлімдеген.

Мәскеу Франция мен Бельгияның сот үкімімен Ресейге тиесілі активтерді құлыптағанын растады. Еуропа елдерінің біріндегі арбитраж соты Кремльді сынап келе жатқан Михаил Ходорковскийге тиесілі болған, бірақ кейіннен таратылған ЮКОС компаниясына қатысты үкім шығарған еді.

Мәскеу үкім заңсыз шықты деп санайды. Кремль "онда біз де Ресейдегі шетелдік компанияларды осындай әдіспен қудалаймыз" деп мәлімдеді. Ресей активтерін құлыптау жөнінде ақпарат тарай салысымен Кремль Францияға "егер шешім қайта қаралмаса, Ресейдегі Франция азаматтарын қудалау шаралары басталатынын" ескертіп, дипломатиялық нота жолдаған. Путин Гаага сотының үкімі Ресейге жүрмейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG