Accessibility links

Футболдан U20 әлем чемпионы Сербия болды


U20 чемпионатының финалының бір сәті. Жаңа Зеландия, 20 маусым 2015 жыл.

U20 чемпионатының финалының бір сәті. Жаңа Зеландия, 20 маусым 2015 жыл.

Жаңа Зеландияда өткен 20 жастан төменгілер арасындағы футболдан әлем чемпионы Сербия болды. 20 маусым күні өткен финалда Сербия футболшылары Бразилия құрамасын 2-1 есебімен ұтқан.

Ойынның негізгі уақытында серб футболшысы Станиса Мандич бірінші голды салғанымен, Андреас Перейра үш минуттан кейін есепті теңестіріп кеткен.

Екі команда негізгі уақытты теңбе-тең аяқтап, қосымша уақыттың 118-минутында Сербия футболшысы Неманья Максимович гол соққан.

Бұрынғы Югославия (Сербия құрамында болған еді - ред.) 1987 жылы Чилиде бұл турнирдің жүлдегері болған еді, Сербия тәуелсіз ел ретінде бірінші рет қатысты.

XS
SM
MD
LG