Accessibility links

Алматыда «Музыка мейрамы» өтті


Франциядан келген Stabar тобы концертін көріп жатқан балалар. Алматы, 20 маусым 2015 жыл.

Франциядан келген Stabar тобы концертін көріп жатқан балалар. Алматы, 20 маусым 2015 жыл.

«Музыка мейрамы» бағдарламасының аясында Алматыда BugaraBu ұрмалы аспаптар тобы, Twinkle Jazz балалар скрипка ансамблі сахнаға шыққан. Концерттің басты қонағы Францияның Нант қаласынан келген Stabar квартеті болды. Квартеттің джаз, шансон, рок жанрларындағы концерті жарты сағаттай болған.

«Музыка мейрамы» жобасы 1982 жылы Францияда пайда болды. Оны бұл елде жыл сайын жаздың ең ұзақ күні - 21 маусымда өткізеді. Қазір Fête de la musique (француздар жобаны осылай атайды) шарасы әлемнің 100-ге жуық елінде өтеді. Бұл жобаның Алматыда өтуіне Қазақстандағы Франция елшілігі көмектескен.

Бұл жобаның ерекшелігі танымал әншілер көшеде тегін концерт қояды. «Музыка мейрамын» Алматыда да осындай тәсілмен өткізуге тырысады. Үшінші жыл өткен концерт биыл «Қазақконцерт» ғимаратында емес, ашық сахнада өтті.

XS
SM
MD
LG