Accessibility links

Сочиде Немцовқа ескерткіш тақта қоюға рұқсат етпеді


Борис Немцов қаза тапқан жерге қойылған гүлдер мен суреттер. Мәскеу, 7 маусым 2015 жыл.

Борис Немцов қаза тапқан жерге қойылған гүлдер мен суреттер. Мәскеу, 7 маусым 2015 жыл.

Сочи жергілікті билігі қастандықтан қазақ тапқан ресейлік саясаткер Борис Немцовқа ескерткіш тақта орнатуға берілген арызды қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты.

"Прогресс партиясының" жергілікті бөлімшесі Сочи билігінің өтініштерінен бас тартқаны туралы ақпаратты сайттарына 19 маусым күні жариялаған.

Партияның мәлімдеуінше, билік ондай тақтайша ілуге рұқсат етпеуінің бірнеше себебін көрсеткен. Олардың ішінде Немцовтың қайтыс болғаны туралы анықтаманың тіркелмегені, туыстарының келісімі алынбағаны, тақтайша ілінетін ғимарат қожайыны рұқсат бермегені көрсетілген.

Ресей премьер-министрінің бұрынғы орынбасары, президент Владимир Путинді қатты сынаған Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпан күні Мәскеуде атып кеткен еді. Ол 1969 жылы Сочиде дүниеге келген еді.

XS
SM
MD
LG