Accessibility links

Украина шығысында жеті сарбаз қаза тапты


Украинадағы ресейшіл сепаратистер. (Көрнек ісурет)
Украинадағы ресейшіл сепаратистер. (Көрнек ісурет)

Украина офицерлері соңғы тәулікте елдің шығысындағы қақтығыстардан үкімет әскерінің жеті сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Әскер өкілі Андрей Лысенко 20 маусым күні солдаттардың Донецк және Марьинка қалаларында ресейшіл сепаратистермен болған қақтығыстарда мерт болғанын айтады.

Лысенко сепаратистер Марьинка қаласына жақындау үшін екі рет шабуыл жасағанын хабарлады. Ол сепаратистерді ауыр артиллерия қаруларын қолданды деп айыптайды.

Сонымен қатар Лысенко Мариуполь қаласы маңындағы ұрыстың саябырлағанын айтқан. Сепаратистер басшылары да Украина әскерін "ауыр қарудан атқылады, Минск бітім шартын бұзды" деп айыптайды. Украинаның шығысындағы 2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстардан 6 мың 400-ге жуық адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG