Accessibility links

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі бишілер турнирі өтті


Мүмкіндігі шектеулі жастар қатысқан "Қазақстандық жазғы би және өнер ойындары турнирі". Өнер көрсетіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жастар. Шымкент, 21 маусым 2015 жыл.

Мүмкіндігі шектеулі жастар қатысқан "Қазақстандық жазғы би және өнер ойындары турнирі". Өнер көрсетіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жастар. Шымкент, 21 маусым 2015 жыл.

21 маусым күні Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық жазғы би және өнер ойындары турнирі өтті» деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сайысқа Қазақстанның бес облысынан (Жамбыл, ШҚО, ОҚО, Атырау және Ақмола) бес жастан бастап 30 жасқа дейін жүзден аса биші келген. Бишілердің 20-дан астамы - мүмкіндігі шектеулі жастар. Турнирге қатысушылар жас айырмасы мен мүмкіндіктеріне қарай топқа бөлініп билеген.

Турнир бағдарламасы бойынша өнерпаздар жеке және жұп болып, одан бөлек, топпен де еуропа, латынамерикалық әуендерге биледі. Ал мүмкіндігі шектеулі сайыскерлер алаңға арбамен шықты. Өнерпаздарды Қазақстандық мамандармен бірге ресейлік және өзбекстандық қазылар бағалайды.

«Бүгінгі сайысқа арбаға таңылған көптеген жастар келді. Қуантатыны - мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұңғиыққа батып жүрген жоқ. Керісінше, мүмкіндігі шектеулі болса да сахнада өз таланттарын паш етіп, бас бәйгеге жету үшін сайысып жатыр. Оның үстіне жан-жақтан жасалған қамқорлық оларға күш береді. Біз оларды би техникасы, қойылымына қарай бағалайтын боламыз» дейді халықаралық судья, қазылар алқасының төрағасы Андрей Холмогоров.

Жүлдегерлерге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубоктары тапсырылды. Мүмкіндігі шектеулі бишілерге 10 номинация бойынша жүлде берілген.

XS
SM
MD
LG