Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Еуропаға барады


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер НАТО-ға мүше елдер мен ынтымақтастықты талқылау үшін Еуропаға бара жатыр. Пентагонның мәлімдеуінше, Картердің кездесуінде негізінен Қырымның аннексиялануы мен Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистермен соғыстан соң АҚШ пен НАТО-ның және олардың серіктерінің ең жақсы стратегиясын жасап шығару жайы талқыланады.

Картер Германияға 22 маусымда барып, Германия, Нидерланды және Норвегия қорғаныс министрлерімен кездеседі. 23 маусымда ол Таллинде Эстония, Латвия және Литва қорғаныс министрлерімен келіссөз өткізеді. Бұл үш ел НАТО-ға өз территорияларында әскерін орналастыруға өтініш білдірген.

Эштон Картер бұдан соң Брюссельге барып, онда НАТО мемлекеттері қорғаныс министрлерімен кездеседі. 26 маусымда Пентагон басшысы 65 мыңға тарта америкалық әскерилер орналасқан Германияға тағы бір аялдайды.

XS
SM
MD
LG